BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 338.78 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 392.82 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.35
Астана:

Арыстанбек Мұхамедиұлы: Латын әліпбиіне өту – рухани жаңғыруымыздың ең маңызды алғышарты

Астанада ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының қатысуымен "Мемлекеттік тілдің латын графикасы алфавитінің бірыңғай стандартына енгізу мәселелері" тақырыбында дөнгелек үстел өтті. Бұл жиынға еліміздің зиялы қауым өкілдері қатысты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Бұл жиынның өзектілігі Елбасымыздың "рухани жаңғыру" бағдарламасында атап көрсеткен қазақ тілінің латын графикасына өтуге еліміздің зиялы қауым өкілдерінің көзқарасы болмақ. Жиын барысында қоғам қайраткерлері өз пікірлерін білдірді.

«Біз Елбасы мақаласында айтылған рухани жаңғыру бағдарламасының ең басты мәселесі – латын әліпбиіне көшуді талқылауға жиналдық. Сонау тәуелсіздік таңынан бастап біз бұл мәселеге ерекше дайындалдық. Енді міне, сындарлы шақ туғанда халқымыз үшін ең қымбат қазынаның бастауында тұрмыз» - деді министр Арыстанбек Мұхамедиұлы.

Сонымен қатар ол латын әліпбиіне көшу - рухани жаңғыруымыздың ең маңызды алғышарттарының бірі екенін айтты.

«Дәуір сұраныстарына, заман қажеттіліктеріне және келешегіміздің қамына орай әлем халқының жартысынан астамы қолданатын, шын мәніндегі халықаралық әліпбиге айналған латын әліпбиіне көшу – Елбасы айтқандай терең логикасы бар, маңызды қадам. Өздеріңіз білетіндей 11 қыркүйек күні Парламентте жиналыс болды, бір ауыздан халқымыз қолдап отыр. Дегенмен 18 млн қазақтың 18 млн пікірі бар. Бірақ біздің мақсатымыз еліміздің латын әліпбиіне көшудегі алға қойған мақсатын орындау» - деді министр.

Естеріңізде болса, Елбасы өзінің «Болашаққа бағдар. Рухани жаңғыру» мақаласында еліміздің латын әліпбиіне көшуі қазіргі заман талабына сай, дер кезінде орындалуға тиіс тапсырма екенін айтқан болатын. Соның негізінде 11 қыркүйек күні Ш.Шаяхметов атындағы тіл білімі орталығы қазақ тілінің латын әліпбиіндегі жаңа нұсқасын парламентте таныстырған. Қазіргі таңда бұл нұсқа халық арасында қызу талқыланып жатыр.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер