BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 319.68 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 392.95 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.63
Астана:

«Арал: жоғалған теңізді іздеуде» атты кітап жарық көрді

Бүгін Алматы қаласындағы ҚР Ұлттық кітапханасында жазушы-саяхатшы Исмаилжан Иминовтың «Арал: жоғалған теңізді іздеуде» кітабының таныстырылымы өтеді. Кітап Қазақ ұлттық географиялық қоғамы (ҚҰГҚ) мен Қазақстан Республикасындағы Аралды қорғау халықаралық қорының атқарушы дирекциясының қолдауымен жарық көрді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

«Арал: жоғалған теңізді іздеуде» атты кітап Qazaq Geography-ның Арал өңірі мен Кіші Арал теңізінің жағалауларына өткен жылы жазда ұйымдастырылған «Ұлытау-Арал» ғылыми-танымдық экспедиция негізінде жазылған. Бұған дейін кітап «Мысль» республикалық қоғамдық-саяси журналында, қазақстандық және ресейлік интернет-сайттарда жарияланып, мыңдаған оқырмандардың назарына ұсынылған болатын. «Арал: жоғалған теңізді іздеу» – тұрғылықты аралдықтардың тарихы, олардың туған жерге махаббаты, тарихи және мәдени ескерткіштер, кеуіп қалған теңіз түбіндегі қараусыз қалған кемелердің қаңқалары мен құпиялы арал Барсакелмес туралы сыр шертеді. Кітап автордың шынайы әсерлері негізінде жазылған және Арал өңірінің тарихы, географиясы мен мәдениеті туралы қызықты әрі танымдық фактілерді қамтиды.

Кітаптың авторы Исмаилжан Иминов 1959 жылдың 12 маусымында Алматы облысы Жамбыл ауданы Қарғалы кентінде дүниеге келген. Ол «Менің Қашқариям» (2014ж.), «Балалық шағымның бастаулары» (2014ж.), «Ұлы Шоқанның керуен жолы бойынша» (2015ж.), «Алтышар бойынша саяхат» (2016ж.) кітаптарының авторы. Оның кітаптары қазақ, ұйғыр және ағылшын тілдеріне аударылған. 2014 жылы QazaqGeography Қазақ ұлттық географиялық қоғамының Қашқарияға (ҚХР ШҰАР) «Ұлы Шоқанның керуен жолы бойынша» атты экспедициясының ғылыми басшысы болды. Оның мақалалары Қазақстан мен Ресейдің БАҚ беттерінде жиі жарияланады.

«Ұлытау-Арал» ғылыми-зерттеу экспедициясы 2016 жылғы 15-26 маусымда жаңа туристік маршрутты әзірлеу және Кіші Аралды гидробиологиялық зерттеу мақсатында жүргізілді. Экспедицияның жолы Астана – Жезқазған – Байқоңыр – Қоскөл – Сексеуіл көтерме жолы – Арал – Қаратерең – Арал-Асар қалашығы және Кердері кесенесі – Барсакелмес қорығы – Қасқақұлан – Янгикент қалашығы – Қазалы – Байқоңыр ғарышалаңы – Қорқыт-Ата – Жусалы – Қалмаққырған өзенінің алқабы – Жезқазған – Астананы қамтыды.

Айта кетейік, 2013 жылдың қазанында құрылған QazaqGeography Қазақ ұлттық географиялық қоғамы география, климат; қоршаған орта, табиғи ресурстар; биоалуантүрлілік; туризм, саяхат, өлкетану; тарихи-мәдени мұра, этнография сияқты бес басым бағытта жұмыс істейді. Елімізде бұл қоғамның 11 өкілдігі ашылған. QazaqGeography жобаларды Еуропалық Топ (ERG), «Востокцветмет» ЖШС, «Казахмыс» корпорациясы» ЖШС секілді компаниялардың спонсорлық қолдауымен іске асырады.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер