BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 338.78 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 392.82 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.35
Астана:

Алматыда ашық жеңіл атлетикалық стадион салынды

Алматыда 40 жылдың ішінде алғаш рет жаңа ашық жеңіл атлетикалық стадион салынды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Алматының Алатау ауданында «Туған жер бағдарламасы аясында «Алонсо» және «Юником Бизнес Групп» компаниялары салған жаңа ашық жеңіл атлетикалық стадион ресми түрде таныстырылды. Оның ашылу салтантына танымал спортшылар, жаттықтырушылар, Олимпиада жүлдегерлері Ольга Рыпакова, Дәулет Тұрлыханов, Ислам Байрамуков, Ермахан Ыбраимов, Бақтияр Артаев, Әмин Тұяқов қатысты.

«Бұл стадион Мемлекет басшысының «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында 605 млн. теңге бөлген инвесторлардың қолдауы арқасында салынды. Соңғы жылдары Алматыда спорт нысандары көп салынуда, ал бұл жастардың спортпен айналысуына кең мүмкіндік беруде. Өйткені Алматы – тек мәдениет пен медицинаның, білімнің ғана емес, сонымен қатар спорттың да қаласы», - деп атап өтті Алматы әкімі Бауыржан Байбек.

Стадион «Алматы Арена» мұз сарайының артына, қолайлы жерге орналасқан, оның жалпы алаңы - 39 000,00 шаршы метр, мұнда жеңіл атлетиканың 47 түрімен айналысып, футбол ойнауға да болады. Ашық стадионда 100,400 метрлік жүгіру жолдары, 100 х70 м. көлемдегі жасанды футбол алаңы, ұзындыққа және биікке секіретін алаңдар, көлемі 100х62 м. болатын ядро, диск, найзағай лақтыруға лайықталып жасалған табиғи шөппен көмкерілген арнайы аймақтар бар. Шығысына жиналып, қайта жасалатын 300 орынды заманауи мінбер қойылған.

Айта кетерлігі, Медеу ауданындағы «Халық Аренаның» жанынан да барлық халықаралық стандарттарға сай келетін 5000 орынды замануи жабық жеңіл атлетикалық стадион салу жоспарланған.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер