BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 374.2 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 420.34 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.52
Астана:

Ақтөбеде ішкі істер органдарының өңірлік көркемөнерпаздар байқауы өтті

Ақтөбеде Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына арнап «Ел жүрегі-Астана» ішкі істер органдарының өңірлік көркемөнерпаздар байқауы ұйымдастырылды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Шара Елбасының «Болашаққа бағдар. Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өтті.

Оған Атырау және Маңғыстау облыстарының ішкі істер және қылмыстық атқару жүйесі мен төтенше жағдайлар департаментерінің қызметкерлері қатысты. Байқаудың мақсаты - құқық қорғау қызметкерлерінің мәдени және рухани деңгейін арттыру, патриотизмін қалыптастыру.

Байқауға қатысушылар үш номинация бойынша өз өнерлерін ортаға салды. Вокалды инструменталды ансамбль мен жеке орындаушылардың халық аспаптары оркестрінің сүйемелдеуімен орындауы және құқық қорғау саласы қызметкерлері 8-12 жас аралығындағы балаларының арасында вокалды эстрада әнін шырқауы.

Байқау тартысты да қызы өтті. Жаңа туыдылар орындалды. Өңірлік байқауда ақтөбелік ІІД командасы бірінші орынды иеленді. Ал, Маңғыстау облысының тәртіп сақшылары жүлделі екінші орынға ие болды. Ал, үшінші номинацияда қатысқан барлық балаларға грамотамен және сыйлықтар табыс етілді. Байқау жеңімпаздары Ақтөбе облысы ІІД бастығы,полиция генерал-майоры М. Абисатовтың атынан грамоталар мен дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Үздік өнер ұжымы қараша айында Астана қаласында өтетін республикалық конкурс қатысуға мүмкіндік алады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер