BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 367.06 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 416.17 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.56
Астана:

«100 жаңа есім» жалпы ұлттық жобасының II кезеңі басталды

Фото: ашық дереккөзден

Бүгінде Ақпарат және коммуникация министрлігі өтінімдерді қабылдауды жүргізіп жатыр. Өтініштер қыркүйектің 10-на дейін қабылданады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, үміткерлер кәсіби ортада үздік нәтижеге жеткен және жоғары жеке қаситеттерге ие болуы тиіс. Ал сараптамалық топ өтінімдер пулын қарастырып, кезекті үміткерлер тізімін жариялайды. Сондай-ақ дауыс берушілер ruh.kz. порталында да өз дауыстарын бере алады.

«100 жаңа есім» жобасының бұл кезеңінде жастарға басымдық берілмек. Сол себепті салалық қауымдастықтардың, қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктердің өкілдеріне жеке және кәсіби өмірде толағай табыстарға жеткен жас қазақстандықтардың тізімдерін жасақтау туралы ұсыныс берілді.

Жалпы,үміткерлерді іріктеу өлшемдері мынадай:

- Қазақстан Республикасының азаматы

- үміткредің кәмілет жасына толуы (18 жас)

- мемлекеттің беделін артыратын салаларда жеткен жетістігінің болуы және қатысушыны одан ары насихаттау үшін оның өзіндік жеке қабілеттерінің болуы;

- заманауи Қазақстанның дамуына қосқан нақты үлесі және т.б.

Қосымша мәлімет керек болған жағдайда ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігіне мына номерлер бойынша хабарласу керек: 8(7172)74-11-90, 74-04-70.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер