Паралимпиада-2018: Жаңыл Балтабаева бүгінгі жарысты 17-ші болып аяқтады - PyeongChang 2018|11 Наурыз 2018, 09:40
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 360.12 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 409.67 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.33
Астана:

Паралимпиада-2018: Жаңыл Балтабаева бүгінгі жарысты 17-ші болып аяқтады

Фото: Гүлжан Раманкулова

Оңтүстік Кореядағы Пхенчханда қыздар арасында 12 км қашықтыққа шаңғымен жарысу аяқталды, деп хабарлайды Вaq.kz тілшісі.

Қазақстан құрамасы атынан биылғы қысқы Паралимпиадада жарысқа шыққан жалғыз қызымыз Жаңыл Балтабаева 12 км қашықтықта 48:51.9 уақыт көрсеткішімен шаңғымен жарысты 17-ші болып аяқтады.

Бұл сайыста америкалық спортшы Kendall GRETSCH бірінші орын алды. Ол 38:15.9 минутта келді. Күміс медаль алған германиялық Andrea ESKAU 38:48.3 минутта (+34) мәреге жетті. Ал АҚШ-тың тағы бір паралимпиадашысы Oksana MASTERS 39:04.9 (+49.0) уақыт нәтижесін көрсетіп, қола жүлдені иемденді.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер