Паралимпиада-2018: Қазақстан медаль санынан 13-орында тұр - PyeongChang 2018|14 Наурыз 2018, 13:45
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 360.12 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 409.67 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.33
Астана:

Паралимпиада-2018: Қазақстан медаль санынан 13-орында тұр

Фото: Гүлжан Раманкулова

Қазақстан құрамасы қысқы Паралимпиада тарихындағы алғашқы алтынын алып, дәл қазір Оңтүстік Кореяның Пхенчханында өтіп жатқан Ойындарда 13-орында тұр, деп хабарлайды Вaq.kz тілшісі.

Қысқы Паралимпиада ойындарында медаль саны бойынша АҚШ көш бастап тұр. Америкалықтардың қоржынында 20 жүлде: 8 алтын, 6 күміс, 6 қола бар.

Екінші орында, биыл тәуелсіз қатысушы ретінде бақ сынап жатқан ресейліктер тұр. Оларда 16 медаль: 6 алтын, 6 күміс, 4 қола бар.

Тура осындай 16 медалімен Украина құрамасы үздік үштікте тұр. Тек аталған елде 5 алтын, 4 күміс, 7 қола медаль бар.

Айта кетейік, бүгін қазақстандық параатлетші Александр Колядин Пхенчхандағы қысқы Паралимпиада ойындарында алтын медаль алды. Бұл - еліміздің қысқы Паралимпиада тарихындағы алғашқы алтын жүлде.

Вaq.kz ақпарат агенттігі Александр Колядиннің мәре сызығынан бірінші болып өтіп, жеңген сәтінен эксклюзив видео жариялады.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер