Паралимпиада–2018: Қанафин 20 км қашықтықта шаңғы жарысын аяқтады - PyeongChang 2018|12 Наурыз 2018, 09:58
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 360.12 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 409.67 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.33
Астана:

Паралимпиада–2018: Қанафин 20 км қашықтықта шаңғы жарысын аяқтады

Фото: Гүлжан Раманкулова

Оңтүстік Кореяның Пхенчханында өтіп жатқан ХІІ қысқы Паралимпиада ойындарында 20 км қашықтыққа көзі нашар көретін спортшылар арасында шаңғымен жарыс аяқталды, деп хабарлайды Вaq.kz тілшісі.

Бүгін көзі нашар көретін спортшылар категориясында 20 км қашықтыққа шаңғымен жарысының қорытындысы бойынша Қазақстан Ұлттық Паралимпиада құрамасының атлеті Қайрат Қанафин 11-орынға (55:56.5 мин) жайғасты.

Бұл сайыста канадалық Brian MCKEEVER 46:02:4 минутта келіп, алтын медаль алды. Паралимпиада чемпионынан +1:05:1 минут уақыт ұтылған Беларусь елінің атлеті Yury HOLUB күміс жүлдені қанжығасына байлады. Ал, франциялық Thomas CLARION мәре сызығына 47:24:4 минутта жетіп, үшінші орынды иемденді.

Еске сала кетсек, бүгін қысқы Паралимпиада ойындарында 20 км қашықтыққа тік тұрып шаңғымен жарысудан қазақстандық жас спортшы Александр Герлиц төртінші болып келді.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер