Паралимпиада-2018: Герлиц биатлонда 6-шы болып келді - PyeongChang 2018|13 Наурыз 2018, 10:23
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 360.71 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 411.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.38
Астана:

Паралимпиада-2018: Герлиц биатлонда 6-шы болып келді

Фото: Гүлжан Раманкулова

Қазақстандық спортшы Александр Герлиц Оңтүстік Кореяның Пхенчханында өтіп жатқан қысқы Паралимпиада ойындарында биатлоннан 12,5 км қашықтықта өткен жарыста 6-шы болып келді, деп хабарлайды Вaq.kz тілшісі.

Бұл жарыста француз паралимпиадашысы Benjamin DAVIET алтын медаль алды. Ол мәре сызығына 35:25.3 минутта жетті. Уақыт есебі бойынша екінші болып келген украиналық Ihor REPTYUKH күміс жүлдеге ие болды. Канада атлеті Mark ARENDZ 35:54.7 минутта келіп, үшінші орын алды.

Айта кетейік, аталған қысқы Паралимпиада ойындарында қазақстандық спортшылар қатарында Александр Герлиц ең үздік көрсеткішке қол жеткізді. Ол 20 км қашықтықтағы шаңғы жарысында 4-орын алды.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер