BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 319.88 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 394.41 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.65
Астана:

Олимпиада кестесі: 13 ақпанда кімдерден медаль күтеміз?

Фото: Reuters

Baq.kz ақпарат агенттігі назарларыңызға 13 ақпанда қазақстандық спортшылар қатысатын жарыстар кестесін ұсынады. Жарыс кестесі Астана уақыты бойынша әзірленді.

Тау шаңғы спорты
Ерлер. Комбинация. Жылдамдықпен төмен түсу.
Игорь Закурдаев қатысады.
Тікелей эфир: «Хабар» телеарнасы. Басталуы: 08:30.

Тау шаңғы спорты
Ерлер. Комбинация. Слалом.
Игорь Закурдаев қатысады.
Тікелей эфир: «Хабар» телеарнасы. Басталуы: 12:00.

Шаңғы спорты
Әйелдер. Спринт (классикалық стиль).
Анна Шевченко, Елена Коломина, Валерия Тюленова.
Тікелей эфир: «Қазақстан» телеарнасы. Басталуы: 14:30.
Ширек финал 17.00-де. Жартылай финал 17:55 мен финал 18:25 QazSport-та.

Шаңғы спорты
Ерлер. Спринт (классикалық стиль)
Алексей Полторанин, Денис Волотка қатысады.
Тікелей эфир: «Қазақстан» телеарнасы. Басталуы: 15:00.
Ширек финал 17:25-те. Жартылай финал 18:05 мен финал 18:34 QazSport-та.

Шорт-трек
Ерлер. 1000 метр.
Нұрберген Жұмағазин қатысады.
Тікелей эфир: QazSport телеарнасы. Басталуы сағат: 16:26.

Шорт-трек
Ерлер. Эстафета 5 000 метр.
Қазақстан құрамасы қатысады.
Тікелей эфир: «Қазақстан» телеарнасы. Басталуы сағат: 17: 32.

Конькимен жүгіру
Ерлер. 1500 метр.
Федор Мезенцев, Денис Кузин қатысады.
Басталуы сағат: 17: 00.

12 ақпанды қорытындыласақ, биатлоннан із қуу сайысында Галина Вишневская 20-шы, Дарья Климина 57-ші келді. Бұл сында ерлер арасында Роман Еремин 52-орыннан көрінді. Конькимен жүгіруден 1 500 метрлік қашықтықта Екатерина Айдова 13-орын алса, могулшы Дмитрий Рейхерд пен Павел Колмаков 8 және 7-орында жарысты аяқтады.

Бүгін жарыс жолына Алексей Полторанин шығады. Сонымен бірге шорт-трекшілерден де үлкен үміт күтеміз.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер