BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 319.88 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 394.41 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.65
Астана:

Олимпиада 2018: бүгін қазақстандық спортшылар жүлделі орыннан көрінбеді 

Бүгін Пхенчхан Олимпиадасының кезекті жарыс күнінде қазақстандық спортшылар жүлделі орындарға ілікпеді. Baq.kz тілшісі 13 ақпандағы нәтижені назарларыңызға ұсынады.

Тау шаңғы спортынан өткен қоссайыста қазақстандық спортшы Игорь Закурдаев жылдамдықпен түсуде 42-ші, слаломда 32-ші орын алды. Жарыс нәтижесі бойынша 31-орынға жайғасты.

Шаңғышылар Анна Шевченко, Елена Коломина және Валерия Тюленева классикалық стильде жекелей спринтке қатысты. Елена Коломина 55-ші, Валерия Тюленева 60-шы орыннан көрінді. Қыздар арасында 27-ші орын алған Анна Шевченко ғана ширек финалға өтті. Алайда келесі кезеңде соңғы нәтиже көрсеткен ол жартылай финалға шыға алмады.

Ерлер арасында шаңғы спортынан дәл осы сынға Алексей Полторанин қатысып, іріктеу кезеңінде 13-орын алды. Ширек финалдық жарысты 4-ші аяқтаған ол жартылай финалға өте алмады. Денис Волотка 51-ші болып жарысты аяқтады.

Бүгін шорт-трекшілеріміз екі жарысқа қатысты. 1000 метрлік қашықтықта Нұрберген Жұмағазиев өз тобында соңғы нәтиже көрсетіп, ширек финалға шыға алмады. Құрамында Нұрберген Жұмағазиев, Абзал Ажғалиев, Денис Никиша, Еркебұлан Шамұханов бар шорт-тректен ерлер құрамасы эстафетаны үшінші аяқтап, «А» финалына шыға алмады.

Конькимен жүгіруден 1500 метрлік қашықтықта Федор Мезенцев пен Денис Кузин 28-ші және 30-шы орыннан көрінді.
Осылайша 13 ақпанда Қазақстан құрамасы сапынан ешқандай спортшы жүлдеге ілікпеді.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер