Қазақстан қысқы Паралимпиададағы алғашқы алтынын алды - PyeongChang 2018|14 Наурыз 2018, 11:31
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 360.12 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 409.67 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.33
Астана:

Қазақстан қысқы Паралимпиададағы алғашқы алтынын алды

Фото: Гүлжан Раманкулова

Қазақстандық параатлет Александр Колядин Оңтүстік Кореядағы Пхенчханда спринтте алтын медаль алды, деп хабарлайды Вaq.kz тілшісі.

Қазақстан Ұлттық Паралимпиада құрамасының капитаны Александр Колядин PyeongChang2018 ойындарында 1,5 км қашықтықтағы спринтте ел қоржынына алғашқы алтын жүлдені сыйлады. Бұл жеңіс - Қазақстанның қысқы Паралимпиада ойындарындағы алғашқы алтын медалі. Ол финалдық бәсекедегі мәреге 4:19.7 минутта жетті.

4:20.5 минут уақыт көрсеткішімен жапониялық параатлет Yoshihiro NITTA екінші орын алды. Ал, Канаданың спортшысы Mark ARENDZ 4:20.8 минутта келіп, қола медаль алды.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер