Қазақстанның қысқы Паралимпиада тарихындағы алғашқы алтынға жеткен сәті - PyeongChang 2018|14 Наурыз 2018, 13:10
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 360.71 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 411.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.38
Астана:

Қазақстанның қысқы Паралимпиада тарихындағы алғашқы алтынға жеткен сәті Эксклюзив

Фото: Гүлжан Раманкулова

Назарларыңызға Александр Колядиннің Қазақстан қысқы Паралимпиада ойындарының тарихындағы алғашқы алтынына қол жеткізген сәтінен эксклюзив видео ұсынамыз, деп хабарлайды Вaq.kz тілшісі.

Александр Колядин - Қостанай облысының тумасы, ҚР жеңіл атлетикадан 6 дүркін чемпионы. Еліміздің Ұлттық Паралимпиада құрамасының капитаны.

Фото: Гүлжан Раманкулова

ҚР Ұлттық Паралимпиада комитетінің атқарушы директоры Ерлан Сүлейменов параатлетшіміз бен оның жеңісі туралы пікір білдірді.

«Александар Колядин - өте қарапайым адам. Бала кезінен спортпен шұғылданды. Атап айтқанда, шаңғы жарысымен айналысты. Бірақ белгілі бір жағдайлардан кейін жарақат салдарынан аяғынан айырылып қалады. Дегенмен ол араға уақыт салып, спортқа қайта келеді. Тек паралимпиадалық спортпен қауышады. Ол елімізде жақсы нәтиже көрсетті. Жақсы жабдық, құрал болмағандықтан, бұған дейінгі Ойындарда жоғары нәтижеге қол жеткізе алмай келді. Кейін ҰПК оған қажетті ең үздік стандарттардағы протез, шаңғы алып берді. Барлық жабдықпен қамтамасыз етті. Халықаралық деңгейдегі жаттығу жасауға жағдай жасады. Міне, Колядин 2 жыл осы қысқы Паралимпиадаға үздіксіз дайындалып, Қазақстанға алғашқы алтынды сыйлады. Бұл жеңіс - Қазақстанның қысқы Паралимпиада тарихындағы алғашқы алтын. Бәрімізге құтты болсын!» - деді атқарушы директор.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер