Қазақстандық паралимпиадашы шаңғы жарысында 4-ші болып келді - PyeongChang 2018|12 Наурыз 2018, 08:28
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 360.12 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 409.67 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.33
Астана:

Қазақстандық паралимпиадашы шаңғы жарысында 4-ші болып келді

Фото: Гүлжан Раманкулова

Оңтүстік Кореяның Пхенчханында 20 км қашықтыққа тік тұрып шаңғымен жарысу аяқталды, деп хабарлайды Вaq.kz тілшісі.

Жарысқа 18 спортшы қатысты. Қазақстандық параатлет Александр Герлиц 47:54:4 уақыт көрсеткішімен (+3:02.0) жарысты төртінші болып аяқтады. Бұл - спортшыларымыздың осы жарыстағы ең үздік көрсеткіші.

«Бүгінгі сайыс өте тартысты болды. Өзімнің бар күшімді салдым. Төртінші болып келгеніме қуанып тұрмын. Себебі бұған дейінгі үздік көрсеткішім 7-орын болған. Енді алда тағы да 12 км, 5 км, 15 км парабиатлон және шаңғы жарыстары бар. Оларда да бар мүмкіндігімді пайдалануға тырысамын», - деді Александр Герлиц.

Ал, құрама капитаны Александр Колядин болса 18-ші болып келді.

Фото: Гүлжан Раманкулова

Сайыста 44:52:4 уақыт көрсеткішімен украиналық спортшы Іhor REPTYUKH алтын медаль алды. Одан +1:56:5 кешіккен Франция параатлеті Benjamin DAVIET екінші орынды иемденді. 47:10:6 уақытта келген норвегиялық Hakon OLSRUD ХІІ қысқы Паралимпиада ойындарының қола жүлдегері атанды.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер