BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 319.88 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 394.41 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.65
Астана:

Карьерамды тоқтататын шығармын – могулшы Рейхерд

Қазақстандық могулшы Дмитрий Рейхерд келесі Олимпиадағы бару-бармауы белгісіз екенін айтты, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі Vesti.kz басылымына сілтеме жасап.

«Осы маусымды аяқтау керек. Бірақ келесі Олимпиадаға қатысуым белгісіз. Жасым да келіп қалды. Карьерамды тоқтататын шығармын», - деді Рейхерд.

Букмекерлердің пікірінше, 29 жастағы Рейхерд могулдан Олимпиада-2018 медалінен үміткерлердің бірі болды. Бірақ сегізінші орын алып, басты финалға шыға алмай қалды. Қазақстандық фристайлшы карьерасында Олимпиадаға төртінші рет қатысты.

Айта кетейік, кеше екінші финалда Павел Колмаков 76.10 ұпай алып, жетінші орынға жайғасса, Дмитрий Рейхерд қателік жіберіп, 58.64 ұпаймен сегізінші орынға ығысты. Осылайша екі спортшы да үшінші финалға өтетін алтылық қатарына ілікпеді.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер