BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 346.68 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 404.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.47
Астана:

Индер ауданының оқушылары қазақстандық олимпиадашыларға қолдау білдірді

Атырау облысының Индер ауданында оқушылар арасында шаңғыдан жарыс өтті. Жарысқа аудандағы барлық мектептен 145 спортшы қатысты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Жарыстың мақсаты Оңтүстік Кореядағы қысқы олимпиада ойындарына қатысып жатқан қазақстандық олимпиадашыларға қолдау білдіру. Индер ауданының әкімі Серік Арыстанның айтуынша, балалардың ұмтылысы жақсы, сондықтан жергілікті оқушылар аймақаралық жарыстарда ылғи жүлделі орынға ие.

«Өткен жылы барлық мектептерге шаңғы мен коньки алынды. Басты мақсат – ауданда қысқы спорт түрлерін дамыту. Бүгінгі күнге дейін балалардың жаттығуына мүмкіндік болмады. Енді барлық мектепте өз командалары бар. Бүгін аудан тарихында алғаш рет қазақстандық олимпиадашыларды қолдау мақсатында сайыс өткіздік», - дейді Серік Арыстан.

Оқушылар арасында өткен қызықты сайыс ешкімді бей-жай қалдырмады.

«Осындай жарыстар жиі өтіп тұрғанын қалаймын. Біз көрші облыстарда өткен осындай жарыстарға қатысып, екінші орын алдық. Енді ылғи жаттығып, келесі жарыстарда міндетті түрде жүлделі орын аламыз», - деді қатысушылардың бірі Сұлтанбек Рахметов.

Айта кетейік, өңірде жазғы спорт түрлері дәстүрлі түрде қарқынды дамып келеді. Өткен жылдан бастап мұнда қысқы спорт түрлерін дамыту да қолға алған. Тек Индер ауданында ғана 49 миллион теңгеге барлық мектептерге қажетті құралдар алынды.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер