Абзал Әжғалиев 500 метрлік жарыстың финалына өте алмады - PyeongChang 2018|22 Ақпан 2018, 18:10
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 360.12 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 409.67 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.33
Астана:

Абзал Әжғалиев 500 метрлік жарыстың финалына өте алмады

Пхенчхан Олимпиадасының он үшінші жарыс күнінде қазақстандық шорт-трекшілер 500 метрлік жарыста сынға түсті. Алайда ешқайсысы жүлделі орыннан көрінбеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Ерлер арасында 500 метрлік жарысқа Абзал Әжғалиев, Денис Никиша және Нұрберген Жұмағазиев қатысты. Олардың ішінен Абзал Әжғалиев қана жартылай финалға жолдама алды.

Финалдық жолдамаға қытайлық У Дацзин, венгер спортшысы Шаолинь Шандор Лю, канадалық Самуэль Жирар, нидерландтық Дан Бреувсма және Абзал Әжғалиев таласты. Алайда қазақстандық шорт-трекші өз тобында соңғы орынға жайғасты.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер