USD 336.23 EUR 360.3 RUB 5.28
Астана:

С.Мыңбаев Елбасыға Қашағандағы алғашқы кезеңдегі жұмыстар туралы баяндады

С.Мыңбаев Қазақстан Президентіне ұлттық компанияның 2016 жылғы 9 айдағы жұмысының қорытындылары мен таяу келешекке арналған жоспарлары туралы баяндады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Кездесуде компанияның өндірістік-қаржылық және әлеуметтік саладағы қызметіне, сондай-ақ жаңа жобаларды іске асыруына қатысты мәселелер қарастырылды.

Бұдан бөлек, Мемлекет басшысына мұнай-газ өңдеу өнеркәсібіндегі ірі жобалардың іске асырылу барысы, соның ішінде Теңіз кен орнының өндірістік қуаттылығын арттыру, Қашағандағы алғашқы кезеңдегі жұмыстар, Қарашығанақ кен орнын дамытудың перспективалары жөнінде хабарланды.

«ҚазМұнайГаз» АҚ басшысы мұнай бағасының төмендегеніне қарамастан, компания өндірген және өңдеген мұнай көлемінің арта түскенін айтты.

Нұрсұлтан Назарбаев кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер1
Полатбек ЖАНБАЕВ
Ел болашағы үшін жер байлығының үлесі мол. Сол үшін "Қашаған" қайтарымын береді деп сенеміз. Елбасымыз аман болсын. Мерекелер құтты болғай!

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады