BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 370.11 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.37 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.58
Астана:

Сербия президенті: Орталық Азияда Астанадай қала жоқ

Фото: Бауыржан Жуасбаев

Қазақстанға ресми сапармен келген Сербия президенті Александр Вучич Астананың даму қарқынына қайран қалатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Бүгін Ақордада Сербия президенті Александр Вучич Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесіп, қос елдің қарым-қатынас келешегі мен қазіргі жайын талқылады.

Кездесуден кейін президенттер БАҚ өкілдеріне біріккен мәлімдеме жасады.

«Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай, кездесу барысында өте маңызды мәселелерді талқыға салдық. Оның ішінде қос ел арасындағы саяси, сауда-экономикалық байланыстар да бар», - деді Сербия президенті Ақордада.

Осы орайда Александр Вучич Астанаға келген сайын қайран қалатынын жасырмады.

«Астанаға келгеніме қуаныштымын. Ол мені келген сайын таңғалдырады. Менің ойымша, Орталық Азияда қарқынды, көз ілеспес жылдамдықпен дамып келе жатқан Астанадай қала жоқ», - деп түйіндеді сөзін ол.

Еске сала кетсек, бүгін Ақордада Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Сербия президенті Александр Вучичпен кездесіп, I дәрежелі Достық орденімен марапаттағанын жазған болатынбыз.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер