BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 328.31 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 386.62 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.27
Астана:

Президент өмірлік жарды қайдан іздеу қажеттігін айтты

Фото: Бауыржан Жуасбаев

«100 жаңа есім» жеңімпаздарымен кездесуі барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өмірлік жарды қайдан іздеу қажеттігін айтты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Қазіргі таңда егер жігіт қызбен танысқысы келсе, ол дискотекаға барады. Оркестрдің музыкасы құлақты жарады. Сен сөйлей алмайсың. Айғайлайсың. Себебі, оны ести алмай тұрсың ғой. Ол сені де естимейді. Қай салаға қызығушылық танытсаң, сол саладағы қызбен танысу керек. Егер екі адам бірігіп, бір мақсаттың артынан қуса, онда істері алға жүреді», - деді Елбасы.

Осы орайда президент ерлерге кеңес берді.

«Бізге де мінезімізді өзгерту қажет. Біз тұрмыстағы зорлық-зомбылық әйелге қатысты болатынын үнемі айтамыз. Әлі күнге дейін кейбір елдерде әйелдердің құқығы жоқ. Бірақ әлем басқаша дамуда. Неге батыста ерлер кеш үйленіп, әйелдер кеш тұрмысқа шығады. Себебі, әйел тәуелсіз әрі қаржылай күйеуіне тәуелді болғысы келмейді. Олар мансап қуып болған соң, отбасын құрады. Екеуі де қабілетті, екеуі де өздері өмір сүре алады», - деді Мемлет басшысы.

Нұрсұлтан Назарбаевтың пікірінше, отбасындағы тең құқықтық екі жаққа да еркіндік береді.

«Әйел де, еркек те еркін болуы қажет. Біз еркектер не ерте, не кеш қызғанамыз. Мүлдем керек емес іс», - деп түйіндеді сөзін Қазақстан президенті.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер