Президент мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс пен гранттар беру тетігін жетілдіретін заңға қол қойды - Президент|13 Маусым 2018, 15:47
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 360.71 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 411.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.38
Астана:

Президент мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс пен гранттар беру тетігін жетілдіретін заңға қол қойды

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, гранттар және сыйлықақылар беру тетігін жетілдіруге бағытталған Заңға қол қойды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Мемлекет басшысы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, гранттар және сыйлықақылар беру тетігін жетілдіруге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпарат және коммерциялық емес ұйымдардың қызметі мәселелері бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды», - делінген хабарламада.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

Бұған дейін Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық деңгейдегі түрлі салаларға қатысты бірнеше заңға қол қойған болатын.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер