BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 370.55 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 421.76 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.57
Астана:

Президент Александр Вучичті арнайы орденмен марапаттады

Фото: Бауыржан Жуасбаев

Ақордада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Сербия президенті Александр Вучичті I дәрежелі Достық орденімен марапаттады, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Елбасы Александр Вучичтке алғыс айтып, оған I дәрежелі Достық орденін табыстады.

«Сіздің елімізге ресми сапарыңыз қос мемлекет арасындағы байланысқа табыс әкеледі деген үміттемін. Қазіргі таңда әлемдегі жағдай күрделі. Соған қарамастан сіз Қазақстанға ерекше ықыласыңызды білдіріп, бізге қолдау көрсетіп отырсыз. Біз Сербияның саясатын қолдаймыз. Осы жағдайды ескере келе, мен шетелдік достарымыз үшін жоғары марапат болып саналатын I дәрежелі Достық орденін сізге табыстау туралы бұйрыққа қол қойдым», - деді Президент.

Өз кезегінде Александр Вучич Қазақстан президентін Сербия Республикасының орденімен марапаттады.

«Сербия әрқашан Қазақстанды халықаралық деңгейде қолдап отырады. Сізге тағы да алғысымды білдеремін. Себебі, Сербия Республикасының біртұтастығын, тәуелсіздігін, егемендігін қолдап отырсыз. Мен сізді Сербияға тағы да шақырамын. Түрлі салаларда байланысты нығайтуға мүмкіндік туады деген үміттемін. Біз бірігіп, барлығын жүзеге асыра аламыз. Бұл Сербия Республикасының ордені. Мұндай орден тек Владимир Владимирович (РФ президенті Владимир Путин – автор) пен Си Цзиньпин де (ҚХР төрағасы – автор) ғана бар», - деп түйіндеді сөзін Сербия президенті.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер