BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 319.65 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 393.33 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.67
Астана:

Нұрсұлтан Назарбаев Ресей президентіне көңіл айтты

Мемлекет басшысы Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинге көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Нұрсұлтан Назарбаев Владимир Путинге биылғы 25 тамызда Краснодар өңірінде жол-көлік оқиғасы салдарынан автобустағы көптеген адамның қаза болуына байланысты көңіл айтты.

«Қаза болғандардың туыстары мен жақындарына қолдау мен ниеттестігімді жеткізуді сұраймын. Зардап шеккендердің тезірек сауығып, отбасыларына оралуына тілектестік білдіремін», – делінген жеделхатта.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер