BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 371.31 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.32 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.59
Астана:

Нұрсұлтан Назарбаев: Путин – сөзінде тұратын адам

«Бірінші арна» ресейлік телеарнасында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен сұхбат жарық көрді. Ол Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы мемлекеттер серіктестігі туралы, сондай-ақ, мемлекет басшылары арасындағы сенім жөнінде әңгімеледі, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

«Мемлекет көшбасшылары арасындағы қарым-қатынас өте маңызды. Көшбасшылар арасындағы сенім, әдетінше, мемлекеттер арасындағы сенімге алып келеді. Владимир Владимирович Путин 2000 жылы президент болды және бірінші күннен бастап екеуміздің қарым-қатынасымыз бүгінгі достыққа алып келген өте жылы сипатта болды. Оның адамгершілік қасиеттері жайында айтқым келеді. Бұл жөнінде мен барлығынан көп білемін десем артық болмас. Ол – сөзінде тұратын адам. Білесіз бе, Никколо Макиавелли «Государь» атты кітабында ел басшыларына қалай жұмыс жасау керектігі туралы кеңес беретін тұсында «Егер, бұл мемлекет пен осы көшбасшының мүддесінде болса, онда дәл сол көшбасшы өз сөзін кері қайтарып алуына болады» деген тармақ бар. Путин мұндай емес. Егер, ол айтар болса, әбден ойланып сөйлейді, ол сөзінен бас тартпайды. Тіпті, дәл сол сәтте ол уәдені орындау еш тиімді болмаса да. Мұндай адаммен жұмыс жасауға болады, мұндай адамды сыйлауға болады», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Елбасы Владимир Путин өте ауыр кезеңдерде Ресей президенті болғанын атап өтті.

«Бүкіл Ресей билік тізбегін жоғалтып, әрбір аймақ өз бетінше жұмыс жасаған кеше ғана бастан өткен уақытты еске алайық. Біз, Ресей көршілері, өңірлер салық төлеуді доғарғанын, әркім өзіне жалақы белгілегенін, билікке ұмтылғандар пайда болғанын көрдік. Кавказда соғыс жүріп жатты, халықаралық ахуал да, ішкі экономика да құрдымға кетіп бара жатты. Ал ол болса осының барлығын реттеді ғой, қаншалықты қиын болса да, орнына қойды», - деп атап өтті Нұрсұлтан Назарбаев.

«Ресейді елемей, маңызды жаһанды мәселелерді шешуге мүмкіндік бермеді. Ресейді бір жаққа орын ауыстырып жіберу мүмкін емес, бұл әлемдік саясаттың үлкен факторы болып табылатын ядро-ракеталық алып мемлекет. Яғни, Ресейді бұл орнынан қозғау қателік болды. Путин қазір Ресейді тұруы тиіс өз орнына қойды. Сирия үкіметінің өтініші бойынша дәл осы дауға қатысу туралы шешім қабылдағанды айтсаңызшы. Іс жүзінде, Ресей сол жақта орын алған экстремизм, терроризм түрінде әлемдік жауыздықты басып-жаншуға қатысты», - деп сөзін жалғады Президент.

Мемлекет басшысы «Қауіп-қатер өте үлкен болды, сондықтан, тәуекелге баруға тура келді» дегенді атап өтті.
«Ақыры соңында, бұл қатысу сәтті аяқталды. Міне, Путин деген осы», - деп қорытты Нұрсұлтан Назарбаев.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер