USD 335.71 EUR 357.36 RUB 5.23
Астана:

Нұрсұлтан Назарбаев Бразилия Президентіне көңіл айтты

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Бразилия Федеративтік Республикасының Президенті Мишел Темерге көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Жеделхатта Колумбия Республикасының әуе кеңістігінде болған ұшақ апаты салдарынан Бразилия азаматтарының қаза болғаны туралы хабарды Нұрсұлтан Назарбаевтың зор күйзеліспен қабылдағаны айтылған.

«Қаза болғандардың туыстары мен жақындарына, сондай-ақ барша Бразилия халқына ауыр қайғыларына ортақтасып, Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан көңіл айтамын», – делінген жеделхатта.

Мемлекет басшысы зардап шеккендердің тезірек сауығып, отбасыларына оралуына тілектестік білдірді.

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады