Нұрсұлтан Назарбаев бірнеше заңға қол қойды - Президент|13 Маусым 2018, 15:38
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 360.71 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 411.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.38
Астана:

Нұрсұлтан Назарбаев бірнеше заңға қол қойды

Қазақстан Республикасының Президенті халықаралық деңгейдегі түрлі салаларға қатысты бірнеше заңға қол қойды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысы «1992 жылғы 6 шілдедегі Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Экономикалық Сотының мәртебесі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Казақстан Республикасының Заңына қол қойды" - делінген Ақорданың хабарламасында.

Сонымен қатар, Президент «Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді (Орта білім беруді жаңгырту жобасы) ратификациялау туралы» Казақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Бұдан бөлек Нұрсұлтан Назарбаев «2004 жылғы 18 маусымдағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы шеңберінде құпия ақпараттың сақталуын өзара қамтамасыз ету туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Казақстан Республикасының Заңына қол қойды

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер