BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 371.31 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.32 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.59
Астана:

Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар Заңға қол қойды

Астана, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар Заңға қол қойды. Бұл туралы Ақорданың Баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысы «Қылмыстық істер бойынша заттай дәлелдемелер болып табылатын есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларын, атыс қаруын, оның негізгі бөліктерін, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттар мен жарғыш құрылғыларды беру тәртібі туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Сонымен қатар, «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Халықаралық Қызыл Крест Комитетінің арасындағы Қазақстан Республикасындағы Халықаралық Қызыл Крест Комитеті Өкілдігінің мәртебесі, артықшылықтары және иммунитеттері туралы келісімді ратификациялау туралы» және «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы «Туймазы – Омбы – Новосибирск-2» және «Омбы – Павлодар» магистральдық мұнай құбырларындағы технологиялық мұнайдың мәртебесін айқындау туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Заңдардың мәтіні баспасөзде жарияланады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер