BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 364.95 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 416.99 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.55
Астана:

Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар Заңға қол қойды

Астана, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев статистикалық мәселелер және азаматтық авиацияға қатысты заңсыз актілермен күрес туралы конвенцияны ратификациялау туралы Заңдарға қол қойды.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.

"Мемлекет басшысы мемлекеттік статистика саласындағы заңнаманы жетілдіруге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік статистика мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды" - делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.

Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев «Халықаралық азаматтық авиацияға қатысты заңсыз актілермен күрес туралы конвенцияны ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына да қол қойды.

Заңдардың мәтіні баспасөзде жарияланады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер