Нұрсұлтан Назарбаев Ақтау қаласындағы теңіз жағалауын аралап көрді - Президент|11 Тамыз 2018, 09:37
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 361.66 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 409.51 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.41
Астана:

Нұрсұлтан Назарбаев Ақтау қаласындағы теңіз жағалауын аралап көрді

Фото: Бауыржан Жуасбаев

Мемлекет басшысы заманауи дыбыс күшейткіш және жарық техникасымен, сондай-ақ LED экранмен жабдықталған, бір мезгілде 1000 әртіс өнер көрсететін, көпфункциялы сахнасының ені 70 метр болатын ашық аспан астындағы амфитеатрді көрді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Нұрсұлтан Назарбаев өнер адамдарымен әңгімелесу барысында Ақтау қаласының және Маңғыстау өңірінің қарқынды дамып келе жатқанын ерекше атап өтті.

– Құрметті маңғыстаулықтар, сіздер әлемдік тарихқа енетін айтулы оқиғаға куә болғалы тұрсыздар. Ертең алғаш рет бес мемлекеттің басшылары Каспий теңізінің құқықтық мәртебесін айқындайтын құжатқа қол қояды. Облыста туризм дамып келеді, теңіз порттары мен әлеуметтік нысандар салынуда. Осының бәрі сіздер үшін, балаларыңыз бен сіздердің болашақтарыңыз үшін жасалуда, – деді Қазақстан Президенті.

***

Ақтау қаласындағы теңіз жағалауында ротондалар, бақылау мұнаралары, балаларға арналған және спортпен шұғылданатын алаңдар, демалушылар үшін шатырлар мен орындықтар орнатылған. Бүкіл жағалау бойына шағын 16 сәулет нысаны қойылған.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер