BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 368.28 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.21 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.59
Астана:

Назарбаев ҰҚШҰ саммитінде қабылданған құжаттарды атады

Фото: Бауыржан Жуасбаев

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесі сессиясының қорытындысы бойынша БАҚ өкілдерінің алдында мәлімдеме жасады.

«Бүгін Қазақстан төрағалығымен Ұжымдық қауіпсіздік кеңесі сессиясының кезекті отырысы өтті. Біздің кездесу әдеттегідей сенім, ашықтық жағдайында өтіп жатыр. Осылайша, ұжымдық қауіпсіздігіміздің жалпы міндеттерін талқыладық. Елдеріміздің қауіпсіздігі мақсатындағы мемлекеттердің өзара әрекеттестігінің барлық мәселелері қарастырылды. ҰҚШҰ-ны дамытудың негізгі бағыттары бойынша конструктивті пікір алмасу болды. Сондай-ақ, халықаралық, өңірлік саясаттың өзекті проблемаларын талқыладық. Жалпы, Қазақстанның ҰҚШҰ төрағалығында атқарған жұмысына жоғары баға берілді», - деді Назарбаев.

Елбасының айтуынша, бүгін ҰҚШҰ аясында ынтымақтастықты одан әрі дамытуға және ұжымдық қауіпсіздік механизмдерін жетілдіруге бағытталған маңызды шешімдер қабылданды.

Мемлекет басшысы жиында әлемдегі саяси-экономикалық жағдай талқыланғанын айтты. Аймақтағы қиындықтар да сөз болған. Әсіресе, оңтүстік жақтағы, Ауғанстандағы жағдай талқыланған. Осы мәселелер бойынша да шешімдер қабылданған.

«ҰҚШҰ саммитінде қабылданған басты саяси құжат қорытынды декларация саналады. Ол ұйымның алдағы кезеңге міндеттері мен жоспарларын айқындайды. Халықаралық террористік ұйымдар жағындағы қарулы қақтығыстардың қатысушыларына қатысты бірлескен шаралар туралы келісім де қабылданды», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Президент көші-қон, ақпарат және тағы басқа салалардағы маңызды құжаттардың бекітілгенін айтты. Елбасы ҰҚШҰ-ға келесі кезеңде Қырғызстан төрағалық ететінін де ресми түрде жариялады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер