BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 319.68 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 392.95 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.63
Астана:

Назарбаев Мьянмадағы қақтығысқа алаңдаушылық бiлдiрдi

Фото: Бауыржан Жуасбаев

Назарбаев Мьянмадағы қақтығысқа алаңдаушылық бiлдiрiп, барлық тарапқа зорлық-зомбылықты дереу тоқтату керектiгiн айтты. Сондай-ақ Елбасы диалогты БҰҰ аясында жалғастыруға шақырды, деп хабарлайды Baq.kz тiлшiсi.

«Шақыруымды қабыл алып, күллi ислам үмбетiнiң ажырамас бөлiгi саналатын қонақжай қазақ елiне, Астанаға келгендерiңiз үшiн баршаңызға алғысымды бiлдiремiн. Өкiнiшке орай, соңғы кездерi мұсылман үмбетiнiң талай ауыр сынақтармен бетпе-бет келiп отырғанын бәрiн бiлемiз. Бiрiншiден, экстремистiк және террористiк ұйымдар кеңiнен етек алуда. Олардың лаңкестiк әрекеттерiнен бiрiншi кезекте мұсылман әлемi елдерiнiң өздерi зардап шегiп отыр. Екiншiден, «негiзгi қауiп мұсылмандардан төнiп тұр» деген исламофобиялық пiкiр қоғам iшiнде, батыста кең таралуда. Батыс елдерiнде мұсылмандарға қарсы қылмыстық әрекеттер саны жыл сайын көбейп келедi. Жақында Мьянмада болған шиеленiске қатысты алаңдаушылығымызды барлығымыз бiлдiремiз. Барлық тарапқа зорлық-зомбылықты дереу тоқтатып, диалогты БҰҰ аясында жалғастыруға шақырамыз», - дедi Мемлекет басшысы елордада өтiп жатқан Ислам ынтымақтастығы ұйымының бiрiншi ғылым және технологиялар жөнiндегi саммитiнде.

Атап өтсек, бірнеше күннен бері әлеуметтік желілерде Мьянмада мұсылмандарды қырып жатқан туралы хабар тарап жатыр.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер