BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 368.28 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.21 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.59
Астана:

Назарбаев: Бұл форум туризм саласына тың серпін беретініне сенімдімін

Солтүстік Қазақстан, BAQ.KZ тілшісі. Петропавлда өтіп жатқан өңіраралық ынтымақтастық форумында Владимир Путин мен Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мен Ресейдің 2019-2021 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспарына қол қойды.

Форум аясында өткен пленарлық отырыс екі мемлекет арасында экономика, медициналық туризм, ғарыштық туризм, өндіріс сынды тағы басқа салаларды қамтитын келісім құжаттарына қол қоюмен қорытындыланды.

"Бұл форум – туризм саласына тың серпін беретініне сенімдімін. Екіжақты іскерлік сұхбат болды. Көрмеде туризм саласындағы біраз жобалар қамтылған. Осы бағытта біраз жұмыс істесек, келер жылы белсенді туризм жылы болатынына сенімдімін", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Владими Путин Қазақстан мен Ресейде туризмнің түрлі салаларын дамыту үшін мүмкіндіктің мол екендігіне тоқталды.

"Қазір көпшілікті экологиялық таза туризм қызықтырады. Қазақстан мен Ресейде бұл бар. Тек соны тиімді пайдалану керек. Осындай әсем табиғат тұрғанда басқа жаққа барудың керегі не?", - деді Владимир Путин.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Елбасының Солтүстік Қазақстан облысына сапары жайлы және Назарбаев пен Путиннің туристік көрмені аралап көргені туралы жазған болатынбыз. Сонымен қатар форум аясында 75 меморандумға қол қойылғаны туралы хабарлағанбыз. Елбасымен кездесу кезінде Путин қазақстандықтарды алдағы жылы Омбыда өтетін форумға шақырды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер