BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 370.49 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 421.06 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.54
Астана:

Назарбаев Қазақстан мен Сербия арасындағы сауда байланысы туралы: Бар әлеуетті пайдалана алмай жүрміз

Ақордада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мен Сербия арасындағы сауда-экономикалық байланысты күшейту қажет екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Бүгін Сербия президенті Александр Вучичпен Қазақстанға ресми сапармен келді. Ол Ақордада Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесіп, қазақстандық-сербиялық қарым-қатынастардың келешегі мен қазіргі жайын талқылаған.

Кездесуден кейін қос елдің мемлекет басшысы БАҚ өкілдеріне біріккен мәлімдеме жасады.

«Менің ресми шақыруымды қабыл алып, Қазақстанға алғаш рет ресми сапармен келген Сербия президенті Александр Вучич мырзаға, делегация мүшелеріне ризашылығымды білдіремін. Жоғары деңгейде өткен бүгінгі келіссөздеріміз табысты болды деп санаймын», - деді Елбасы.

Осы орайда президент Қазақстан мен Сербия арасындағы сауда-экономикалық байланысты күшейту қажет екенін жеткізді.

«Кездесу барысында қос елдің арасындағы көп салалы қарым-қатынастың барлық түкпірлерін аралап шықтық. Біз «оны қалай дамытамыз?» деген сұраққа жауап іздедік. Ең бірінші сауда экономикалық серіктестікке мән бердік. Бұл бағытта бар әлеуетті толық пайдалана алмай жүргеніміз айтылды. Сондай-ақ өзекті халықаралық, өңірлік мәселелерге ерекше көңіл бөлінді», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы қос мемлекет арасындағы байланыстың одан әрі нығаятынына үмітті екенін айтты.

«Қазақстан мен Сербия арасындағы ықпалдастықты одан әрі тереңдете түсуге уағдаластық. Оған зор сенім бар», - деді президент.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер