BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 340.27 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 396.31 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.39
Астана:

Назарбаев футболдан әлем чемпионатының ашылу рәсіміне қатысады

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресейде өтетін футболдан әлем чемпионатына баратынын мәлім етті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі «Политика сегодня» басылымына сілтеме жасап.

Бұл туралы Мемлекет басшысы Қытайға ресми сапары барысында болған брифингте айтқан.

Айта кетейік, футболдан әлем чемпионатының салтанатты ашылу рәсімі 14 маусым күні Мәскеуде өтеді. Төрт жылда бір рет өтетін тартысты дода 15 шілде де аяқталады.

Чемпионатқа 32 команда қатысады. Еуропадан әлем біріншілігінде Англия, Бельгия, Германия, Дания, Исландия, Испания, Польша, Португалия, Сербия, Швеция, Швейцария, Хорватия және Франция құрамалары бақ сынайды.

Оңтүстік Америка құрлығының намысын Аргентина, Бразилия, Колумбия, Перу және Уругвай құрамалары қорғайды.

Азиядан Австралия, Иран, Сауд Арабиясы, Оңтүстік Корея және Жапония құрамалары қатысады.

Африка құрлығының намысын Мысыр, Марокко, Нигерия, Тунис және Сенегал құрамалары қорғаса, Солтүтік Америкадан Мексика, Коста-Рика және Панама құрамалары қатысады.

Командалар төрт-төрттен сегіз топқа бөлінеді.

Футболдан әлем чемпионаты Ресейдің 11 қаласындағы 12 стадионда өтеді.

Айта кетейік, әлем біріншілігіне Исландия мен Панама құрамалары өз тарихтарында бірінші рет шығып отыр.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер