Назарбаев: Бұл – барлығымыз үшін маңызды сәт - Президент|11 Тамыз 2018, 13:30
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 363.28 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 414.25 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.44
Астана:

Назарбаев: Бұл – барлығымыз үшін маңызды сәт

Фото: Бауыржан Жуасбаев

Нұрсұлтан Назарбаев Ақтауда өтіп жатқан бесінші каспийлік самиттің маңыздылығы жайында айтты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігінің тілшісі.

«20 жыл төңірегінде біз көптеген келіссөз жүргіздік, Каспий теңізіндегі біздің жалпы жұмысымыз бойынша барлық сұрақты шешу үшін ұстанымдарымызды келісе білдік. Бұл - кеме қатынасы, бұл - ресурс, бұл - биологиялық ресурстардың сақталуы және осы елдердің сауда ынтымақтастығы», - деп атап өтті Елбасы Құрық портының таныстырылымы барысында.

«Бүгін барлық сұрақ келісілді деп айта аламын. Біз ертең тарихи шешім болады деген ойдамыз. Бұл - барлығымыз үшін маңызды сәт», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Айта кетсек, ертең Ақтау саммиті барысында Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі жөніндегі Конвенцияға қол қойылмақ.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер