BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 367.06 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 416.17 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.56
Астана:

Назарбаев бірнеше мемлекетпен арадағы шекараны шегендеу туралы Заңға қол қойды

Астана, BAQ.KZ. Ақорданың ресми сайты таратқан ақпарат бойынша Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы шекараны шегендеу бойынша Заңға қол қойған.

"Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы Қазақстан-Қырғыз мемлекеттік шекарасын шегендеу туралы шартты ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды" - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Өзбекстанмен арадағы шекараны да шегендеу бойынша заңға қол қойды.

"Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы, Түрікменстан және Өзбекстан Республикасы арасындағы үш мемлекеттің мемлекеттік шекараларының түйісу нүктесінің ауданы туралы шартты ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды" - делінген Ақорда таратқан ақпаратта.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
18 Қараша 2018, 14:06
Хиджама туралы
Пікірлер