BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 371.31 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.32 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.59
Астана:

Назарбаев Астананың құрылыс жоспарымен танысты

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Астана бас жоспар» ғылыми-зерттеу институты» жауапкершілігі шектеулігі серіктестігіне барды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысына елорданың сәулет және қала құрылысы саласында атқарылып жатқан жұмыстардың негізгі нәтижелері туралы баяндалды.

Сонымен қатар, Елбасы бірқатар инфрақұрылым нысандарының, сонын ішінде әлеуметтік-мәдени мақсаттағы нысандардың құрылыс жоспарларымен танысты.

Нұрсұлтан Назарбаев Астананың инфрақұрылымын одан әрі дамыту және жетілдіру жөнінде шаралар қабылдау қажеттігін атап өтті.

Соңында Қазақстан Президенті бірқатар нақты тапсырма берді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер