BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 369.01 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 416.39 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.53
Астана:

Назарбаев АҚШ елшісін «Достық» орденімен марапаттады

Фото: Ақорда

Нұрсұлтан Назарбаев Америка Құрама Штаттарының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Джордж Кролмен кездесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы кездесу барысында Джордж Кролға Қазақстандағы жемісті еңбегі үшін ризашылық білдіріп, дипломаттың екі жақты байланыстардың дамуына ерекше үлес қосқанын атап өтті.

– Сіз жұмыс істеген уақытта елдеріміз арасындағы жемісті қарым-қатынастар нығая түсті. Қаңтар айындағы АҚШ-қа сапарым барысында Президент Д.Трамппен кездестім. Біздің экономикалық ынтымақтастығымыз жаңа деңгейге көтерілді. Қол жеткізген барлық уағдаластықтар табысты жүзеге асырылуда. Мұның бәрінде сіздің үлесіңіз мол. Сіз қазақ тілі мен мәдениетін насихаттап жүрсіз. Өзара қарым-қатынастарымыздың нығаюына зор еңбек сіңірдіңіз. Сізді Қазақстанның досы болып қала береді деп сенемін, – деді Елбасы.

Д.Крол Қазақстан Республикасындағы дипломатиялық қызметіне жоғары баға бергені үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс айтып, Қазақстандағы мәртебелі жұмысын зор жауапкершілікпен атқарғанын атап өтті. Елші, сондай-ақ, атқарған қызметінің екі ел арасындағы қарым-қатынастардың одан әрі дамуына септігін тигізетініне сенім білдірді.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы Америка Құрама Штаттарының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Джордж Кролды дипломатиялық миссиясының аяқталуына байланысты Қазақстан Республикасы мен Америка Құрама Штаттары арасындағы бейбітшілікті, достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан үлесі үшін ІІ дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер