BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 327.11 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 386.74 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.34
Астана:

Назарбаев АЭФ-ке қатысуға келген бірқатар компания басшыларымен кездесті

Фото: Ақорда

Нұрсұлтан Назарбаев Астана экономикалық форумына қатысуға келген «Apple» компаниясының негізін қалаушылардың бірі Стив Возняк және «Яндекс» компаниялар тобының жетекшісі Аркадий Воложбен кездесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Нұрсұлтан Назарбаев Астана экономикалық форумына қатысуға келгені үшін С.Вознякқа ризашылық білдіріп, оның пленарлық отырыста сөйлеген сөзінің мазмұнды әрі өзекті болғанын айтты.

Қазақстан Президенті эмиссиялық орталықтар арқылы бақыланбайтын криптовалюталардың пайда болу себебі әлемде бір ғана валютаның үстемдік етуіне байланысты екенін айтты. Мемлекет басшысы Қазақстан есеп айырысу кезінде ұлттық валютамен қатар басқа да валюталарды пайдаланатынын атап өтті.

С.Возняк осындай жоғары деңгейдегі іс-шараға қатысуға, жаһандық сын-тегеуріндерге қатысты өз ойын ортаға салуға мүмкіндік бергені үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс білдірді.

«Валюталардың сымсыз байланыстан айырмашылығы, ешқашан универсалды болған емес. Дей тұрғанмен, криптовалюталардың үлкен артықшылығы олардың бақылауға алынбайтындығында, дамуының тежелмейтіндігінде және универсалды әрі жаһандық валютаға айналатындығында», – деді компания жетекшісі.

Кездесу барысында тараптар цифрландырудың жекелеген мәселелерін және криптовалюталарды дамыту перспективаларын талқылады.

Фото: Ақорда

Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев Аркадий Волождың Қазақстанның тумасы және оның ТМД-дағы цифрлық экономиканы алғаш қолға алғандардың бірі екенін атап өтті.

Мемлекет басшысы цифрландыру саласында ресейлік компаниялармен бірлесе жұмыс жүргізудің маңыздылығына тоқталып, Алматыда тақырыптық форум өткенін айтты.

А.Волож Ресейде де, Қазақстанда да жаһандық және жергілікті компаниялар бір нарықта ашық жұмыс жүргізу үшін қалыптасқан қолайлы жағдайды пайдалана білу керектігін атап өтті.

Әңгімелесу барысында тараптар ІТ-хаб және «Астана» халықаралық қаржы орталығы аясындағы ынтымақтастық мәселелерін де талқылады.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер