BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 370.04 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 420.99 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.58
Астана:

Мемлекет басшысы Жапонияның Премьер-Министрі Синдзо Абэге көңіл айту жеделхатын жолдады

Фото: tengrinews.kz

Нұрсұлтан Назарбаев Жапониядағы нөсер жаңбыр мен лай көшкіні салдарынан көптеген адамның қаза болғаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Ақордаға сілтеме жасап.

«Табиғи апат салдарынан жақындарын жоғалтқан және зардап шеккен отбасылардың, сондай-ақ бүкіл Жапония халқының қайғысына ортақтасып, көңіл айтамын», - делінген жеделхатта.

Мемлекет басшысы Қазақстан халқының осындай ауыр сәтте Жапония халқымен бірге екенін жеткізіп, зардап шеккендердің тезірек сауығып, отбасыларына оралуына тілектестік білдірді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер