BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 371.31 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.32 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.59
Астана:

Мемлекет басшысы Ақмола облысындағы халықаралық шаңғы базасына барды

Фото: Бауыржан Жуасбаев

Бүгін Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Щучье қаласындағы халықаралық «Бурабай» шаңғы базасында болды, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Шаңғы базасын салуға бюджеттен 38 млрд теңге бөлінген. Спорт кешенінің жалпы ауданы 125,54 га құрайды. Сондай-ақ мұнда әлемде теңдесі жоқ трамплин кешені орналасқан. Онда шаңғышылар ауа райының қолайсыздығына қарамастан жаттыға алады. Себебі, трамплин кешенінде желден қорғайтын жүйе орнатылған.

Сонымен қатар Мемлекет басшысымен бірге шаңғы базасын премьер-министрдің бірінші орынбасары Асқар Мәмин, Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалин, ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы аралап, кешеннің жұмысымен танысты.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер