BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 367.06 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 416.17 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.56
Астана:

Назарбаев: Петропавлдың даму қарқыны республиканың орта көрсеткішінен жоғары

Фото: Ақорда

Солтүстік Қазақстан, BAQ.kz тілшісі. ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Петропавлдағы Киров атындағы зауытқа барды. Елбасының Солүтстік Қазақстанға жұмыс сапары осы өндіріс орнынан басталды.

Соғыс кезiнде қорғанысқа арналған құрал-жабдықтар шығарған кәсiпорын бүгінде теміржол, телемеханика, байланыс және қауіпсіздік құралдары, мұнай-газ саласына арналғанкешендер, 3Д принтрлар өндірісімен айналысады.

Елбасымен өндірісорнындағы кездесуде, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде баяндап берді.

"Солтүстік Қазақстан – еліміздің теріскейдегі қақпасы. Мемлекетіміздің жалпы жер аумағының 4 пайызын ғана иеленсек те,елімізде өндірілетін астықтың үштен бірі бізге тиесілі. Қазақстан мен Ресей арасындағы өңіраралық ынтымақтастық форумының Петропавлда өтуі біз үшін зор мәртебе. Өңірімізде туризмді дамытудың мол мүмкіндіктері бар", - деді Құмар Ақсақалов.

Жоспарға сай, 2018 жылы Солтүстік Қазақстанда 6 мыңнан астам тұрғын жаңа баспанаға ие болады. Өңірлік маңыздағы жолдар жөнделді. 150 мыңнан астамадамның жалақысы көретілді.

"Петропавлды дамыту бағытында атқарылған жұмыс аңғарылып тұр. Даму қарқыны республиканың орта көрсеткішінен жоғары", - деді Елбасы.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақсан мен Ресей өңіраралық ынтымақтастығының XV форумына қатысу мақсатында Қызылжарға барған болатын.

Фото: Ақорда


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер