USD 334.89 EUR 361.61 RUB 5.28
Астана:

Қазақстанда бизнес ашып, оны дамытатын жастардың алтын буыны өсіп келеді -  Н. Назарбаев 

Астанадағы Тәуелсіздік сарайында өтіп жатқан Жастар форумында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бизнес ашып, оны дамытуға ниетті жастардың талантты буыны өсіп келе жатқанын мақтанышпен айтты, дейді BAQ.kz тілшісі.

"Қазір Қазақстанда кәсіп ашып, оны дамытуға ниетті жастардың алтын буыны өсіп келеді. Индустриалды-инновациялық даму бағдарламасының биыл алтыншы жылын қорытындыладық. Алғашқы бес жылдықта 1000-нан астам кәсіпорын ашылды. Енді екінші бес жылдықта тағы 300-400 жұмыс орыны ашылады", - деді Елбасы.

Нұрсұлтан Назарбаев жастардың жекешелендіру процесіе қатысуы үшін барлвқ аудан әкімдері қолдау көрсету керектігін айтты.

"Ірі кәсіпорынның қасына шағын кәсіпорындар шоғырлануы керек. Заманауи кәсіпорындар шағын кәсіпорындардан құрылады. Шағын және орта бизнес өкілдері ірі кәсіпорындарға сервистік қызмет көрсету керек. Қазір жекешелендіру процесі жүріп жатыр. Активтерді басқаларға берумен аудан әкімдері айналысып жатыр. Бұл процеске жастар қатысуы қажет. Оалрға аудан әкімдері көмектессін", -деді Н.Назарбаев.

Айта кетейік, Форумға еліміздің білім беру, денсаулық сақтау, кәсіпкерлік, мәдениет, спорт салаларының 1000-нан астас белсенді жастары қатысуда. Елбасы жастарды бүгінгі мерекемен құттықтады. Тіпті Елбасы жастардың көңілін көтеру үшін оларға әзіл де айтып берді.

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады