BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 366.43 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 420.11 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.58
Астана:

Қазақстан Президенті БҰҰ Өркениеттер альянсының Жоғары өкілі Насир Абдуләзиз әл-Насермен кездесті

Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы съезге қатысқаны үшін Насир Абдуләзиз әл-Насерге ризашылық білдіріп, Өркениеттер альянсы Қазақстанның осы бастамасына тұрақты қолдау көрсетіп келе жатқанын атап өтті, деп хабарлайды Ақорда.

«Қазақстан көпконфессиялы мемлекет ретінде конфессияаралық диалогты дамыту ісіне өз үлесін қосуда. Бұл Өзіңіз өкілдік ететін ұйымның мақсаттарына сай келеді», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Өркениеттер альянсының Жоғары өкілі форумға қатысуға мүмкіндік берілгені үшін Мемлекет басшысына алғыс айтып, Қазақстанның әлемдегі мәдениеттер арасындағы өзара түсіністікті дамыту ісіндегі рөлі айрықша екенін атап өтті.

«Мен Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезіне үшінші рет қатысып отырмын. Бұған дейін мен ешқашан осыншама дін өкілдерімен кездескен емеспін. Елдеріңіздің өркениетаралық диалогты дамыту жолындағы күш-жігерін жоғары бағалаймын», - деді Насир Абдуләзиз әл-Насер.

Кездесу барысында Қазақстан Президенті халықтар арасындағы бейбітшілікті, достық пен ынтымақтастықты нығайтуға және қоғамдағы өзара келісімді сақтауға қосқан үлесі үшін Насир Абдуләзиз әл-Насерді ІІ дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер