BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 370.11 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.37 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.58
Астана:

Қазақстан Қытайдан қысым көріп отырған жоқ – Назарбаев

Фото: Бауыржан Жуасбаев

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін елордада Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Астана клубының» төртінші отырысына қатысты. Елбасы Қытайдың ойында басқа территорияларға шабуыл жасау жоқ екенін айтты.

«Біз Қазақстанда екі ұлы көршінің ортасында тұрамыз. Бір жағында - Ресей, екінші жағында - Қытай. Қазақстан көршілерімен тату-тәтті өмір сүреді. Біздің Ресей Федерациясымен қарым-қатынасымыз жоғары деңгейде, Қытаймен де қатанысамыз жақсы», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Елбасының айтуынша, Қазақстан Қытайдың ең жақын көршісі бола тұра ешқандай қысым көріп отырған жоқ.

«Біздің 1700 шақырым шекарамыз бар. Және де біз ешқандай шабуыл, ешқандай қысым, ешқандай патернализм мен тағы басқасын сезіп отырған жоқпыз. Қытайда ішкі проблемалар – жұмыссыздық, көші-қон мен өзге де мәселелер жеткілікті. Мен Қытай төрағасы Си Цзиньпинмен жиі кездесемін, біз осы тақырыптарда ашық сөйлесеміз. Қытайдың басқа ел территорияларына шабуыл жасау туралы, экспансия жайлы ойы жоқ. Керісінше, оларға ел ішіндегі жағдайды дұрыстау үшін даму әрі тыныш өмір қажет. Сондай-ақ, мемлекетінде технологиялық дамуды ретке келтіру керек», - деді Назарбаев.

Мемлекет басшысының айтуынша, Қытай жаһандану идеясы мен бірлесіп дамуды белсенді қолдайды. Мәселен, «Жібек жолы» бағдарламасында жаһандану дамып келеді. Бұл бағдарламаға әлемнің 60-тан астам мемлекеті қатысады.

«Қытайда елдерге дамуға көмектесетін қаражат бар. Бұдан жаулап алу қаупін көру? Мен бұны көріп отырған жоқпын», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Бұған дейін Мемлекет басшысы АҚШ пен Қытай арасындағы сауда соғысы дамушы елдерге қалай әсер ететінін айтқан болатын. Сондай-ақ, әлемде соғысқа жол бермеуге шақырған еді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер