BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 371.31 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.32 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.59
Астана:

Хорватияда Қазақстан Президентінің әлеуметтік бастамаларын құптайды

2018 жылы 12 наурызда Загреб қаласында Қазақстанның Елшісі Төлежан Барлыбаев Хорватияның Сыртқы және еуропалық істері министрінің орынбасары Амир Мухаремимен кездесті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Сұхбат барысында Елші хорват тарапын Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бес әлеуметтік бастамасы туралы хабарлады. Әлемдік күйзелістер мен өзгерістердің дәуірінде әлеуметтік мемлекет құндылықтары, әлеуметтік әділеттілік және жауапкершілік принциптері Қазақстан басшылығының өзгермейтін басымдық болып қала береді деп атап өтілді.

Хорват министрі Елбасының әлеуметтік бастамаларын құптады. Оның бағалауынша, ауқымды әлеуметтік бағдарламарды жүзеге асыру екі ел арасындағы іскерлік ынтымақтастыққа қолайлы жағдай жасайды. Атап айтқанда, хорват тарапы алдыңғы қатарлы технологияларды қолдана отырып, халық үшін қолжетімді тұрғын үй құрылысына қатысты бірінші президенттік бастаманы іске асыруға жәрдемдесуге дайындығын білдірді. Дипломат жоғары білім сапасын арттыру және студенттік жастардың өмір сүру жағдайларын жақсарту мақсатында үшінші президенттік бастаманы жүзеге асыруда ынтымақтастықтың кең мүмкіндіктерін атап өтті. А.Мухаремидің айтуынша, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ауқымды реформаларды жүргізуге және әрбір қазақстандықтың өмір сүру деңгейін жақсартуға бағытталған әлеуметтік саясатты модернизациялауға дана және көреген көзқарас көрсетті.

Кездесу барысында халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасу болып өтті. Елші Қазақстанның Ядролық қаруға тыйым салу туралы шартқа (РСАА) қол қойғаны, 2017-2018 жылдары БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретінде қызметі, Сирия бойынша Астана процесі және басқа да маңызды мәселелер туралы хабарлады. Екі ел арасындағы БҰҰ, ЕҚЫҰ және басқа да халықаралық ұйымдар аясындағы ынтымақтастық мүмкіндіктері талқыланды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер