BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 352.54 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 415.15 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.31
Астана:

Головкин Назарбаевқа: Менің ісім – жаулап алу, сіздікі – бұйрық беру

Фото: Ақорда

Президенттің телерадиокешені Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев пен әлем чемпионы Геннадий Головкиннің кездесуінен видео үзінді жариялады, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі.

«Сенің алдыңда өте маңызды жекпе-жек тұр. Қазақстандықтардың атынан саған табыс тілеймін. Қазақстандықтар сенің барлық кездесуіңді өте мұқият қарайды. Мақтан тұтамыз. Бұл – жастар үшін, тәрбие үшін өте маңызды», - деді Назарбаев.

Видеодағы Геннадий Головкин мен Нұрсұлтан Назарбаевтың кездесуі осы жылдың маусым айында өтті. Ол кезде Головкин Президентке WBC, WBA (Super), IBO нұсқалары бойынша кәсіпқой боксшылар арасындағы чемпиондық белбеулерін сыйлады.

«Менің ісім – жаулап алу, ал сіздікі – бұйрық беру», - деп күлімдеді боксшы.

Кездесуден кейін Мемлекет басшысы Головкинді «Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев» орденімен марапаттады.

A post shared by Президент Телерадиокешені (@ptrk.kz) on


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер