BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 368.28 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.21 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.59
Астана:

Елімізді жетекші позицияға шығаратын жастарымызға үмітпен қараймын – Елбасы

Фото: Бауыржан Жуасбаев

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Astana Hub халықаралық IT-стартаптар технопаркінің ашылуында қазақстандықтарды инновацияларды дамытуға белсенді қатысуға шақырды.

Сондай-ақ ол халықаралық IT-технопарктің компаниялардың әлемге танылу жолында трамплинге айналатынына сенім білдірді.

«Алға қойған барлық мақсатымызға күшімізді біріктіру арқылы жылдам әрі тиімді жететінімізге сенімдімін. Мақсаттарымыз айқын. Бірақ біз, қазақстандықтар, әлемнен қалып қоймауымыз керек. Егер біз жылдам қозғалатын бұл пойызға секіріп мінбесек, онда біз басқа елдердің соңында қаламыз. Біз мұны қаламаймыз. Қазақстан посткеңестік кеңістікте реформалар қарқыны мен жан басына шаққанда экономика көлемі мен оны дамытуда алдыңғы қатарлы мемлекет болып отыр. Бізде барлық мүмкіндік бар, қаржылық та, техникалық та, білім беруде де жағдай жасалған. Соларды пайдаланайық. Жаңа технология эрасында елімізді жетекші позицияға шығаратын жастарымызға үмітпен қараймын. Сіздерге сәттілік тілеймін», - деді ҚР Президенті.

Еске сала кетсек, бүгін ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Astana Hub халықаралық IT-стартаптар технопаркінің ресми салтанатты ашылуы өткен болатын.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер