BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 371.31 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.32 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.59
Астана:

Елбасы Түркістан қаласын дамытуға баса мән берілетінін айтты

Фото: ашық дереккөзден

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев алдағы уақытта Түркістан қаласының инфрақұрылымын дамытуға баса мән беріліп, шаһардың туристік орталыққа айналатынын мәлім етті, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Алдымен Мемлекет басшысы өңірлердегі демалыс аймақтарын да дамыту қажеттігін айтты.

«Бурабай курорты арқылы ақша табуға мүмкіндік бар. Осылайша мемлекет туристердің есебінен пайда табады. Бұл біз жұмыс істейтін жалғыз жер емес. Қазіргі таңда Щучье-Бурабай демалыс аймағы туралы айтып отырмыз. Сондай-ақ Имантау-Шалқар, Павлодар облысындағы Баянауыл курорттық зонасы да мән беру қажет», - деді ол.

Осы орайда президент Түркістан қаласын жеке атап өтті.

«Түркістан – жеке тақырып. Біз Түркістан қаласын салып дамытамыз. Ол туризмнің орталығы болады. Қазірдің өзінде ол жаққа 100 мың турист келіпті. Егер біз тиісті инфрақұрылымды дамытсақ, аталған көрсеткішті арттыруға болады», - деді Назарбаев.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер