BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 319.88 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 394.41 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.65
Астана:

Елбасы Тамара Дүйсеноваға: Мына жұмыстан шаршадың ба?

Бүгінгі Үкіметтің кеңейтілген отырысында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсеноваға "бұл жұмыстан шаршаған жоқсың ба?" деп сұрады, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Бірінші Елбасы Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаевтан өңірдегі өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың санын сұраған болатын. Облыс әкімі олардың саны 97 мың екенін айтты. Содан соң Мемлекет басшысы олардың кім екенін сұрады.

«Малы бар, несі бар... Өзімен-өзі жүрген адамдар» , - деп жауап берді Қырымбек Көшербаев.

Мемлекет басшысы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенованың аузынан 2,7 млн адамның кімдер екенін білгісі келді.

«Не болды енді, Тамара. Әлде шаршадың ба мына жұмыстан?», - деді ол.

Ал, Тамара Дүйсенова 18 млн адамның әлеуметтік мәртебесі анықталғанын айтты.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер